Жер саласындағы цифрландыру

Жер саласындағы цифрландыру

Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы геопортал құрды, онда бос жер учаскелері мен инженерлік коммуникациялардың электрондық карталары орналастырылған. Енді облыс тұрғындары бірегей сайтта өтініш берушімен тікелей байланыссыз техникалық шарттарды электрондық форматта ала алады.

Облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Сармановтың айтуынша, геопортал қызметіне 117 мыңнан астам қолданушы жүгінген. Портал азаматтарға және бизнес өкілдеріне өтініш берушімен тікелей байланыссыз электрондық форматта техникалық шарттар беру бойынша қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ ЭЦҚ пайдалана отырып, құжаттарды электрондық форматта алу мүмкіндігі бар.

2021 жылы ШҚО геопорталы тәжірибелік пайдалануға берілді. Бағдарлау үшін танымал Google және Yandex картографиялық қызметтерін қосу мүмкіндігі жасалды.

 

Ағымдағы жылы жер қатынастары басқармасы ШҚО геопорталын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу бойынша жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отыр. Шығыс Қазақстан облысының геопорталы белгіленген талаптарға сәйкес жер учаскелерін электрондық беруге көшуге дайын.

Қызмет бағыты