«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне қатысушылар мен қонақтарды көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы

Қазіргі уақытта Катонқарағай ауданына қатынас «Өскемен – Катонқарағай» тұрақты автобус бағыты арқылы жүзеге асырылады.
Автобус бағыты күн сайын келесі кесте бойынша қатынайды:
Өскемен қаласынан шығу – 08:10, Катонқарағай ауылына келу – 12:30; Катонқарағай ауылынан шығу – 14:00, Өскемен қаласына келу – 18:30.
Жол жүру құны – 4 500 теңге.
Билеттерді келесі тәсілдермен сатып алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 8 мекенжайында орналасқан автовокзалдың билет кассасынан (жұмыс уақыты: 06:00-ден 20:30-ға дейін); автовокзалдың ресми сайты арқылы қашықтан: https://autovokzal.kz/ (тәулік бойы).
Автовокзалдың анықтама қызметінің телефоны: 8 (777) 189-00-03.
Билеттерді алдын ала сату жолға шығу күніне дейін 30 күн бұрын басталады.
Рейске отырғызу жөнелтуге 15 минут қалғанда басталады. Билеттерді сату жөнелтуге 15 минут қалғанда тоқтатылады. Жүк бөлек төленеді (құнының 20 %-ы – 900 теңге). 7 жасқа дейінгі балаларға билет тегін (жеке орын берілмейді). 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билет құнының 50 %-ы (2250 теңге).
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалін өткізу кезеңінде қатысушылар мен қонақтардың көлікке деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында нақты жолаушылар ағынына қарай «Өскемен – Катонқарағай» тұрақты автобус бағыты бойынша қосымша рейстер ұйымдастыру көзделген.
Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хабарласуға болады: қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7232) 70-23-54; жолаушы көлігі бөлімінің нөмірі: 8 (7232) 70-16-98.

Қызмет бағыты