Көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін ерекше мерекенің бірі - 8 наурыз! Бұл - әлемдегі ең асыл жандардың ең жарқын мерекесі. Аналарын ардақтап, қарындасын қадірлеген халыққа бұл мейрам айрықша ыстық. Бүгінде нәзік жандылар қауымы ел дамуының әр саласында еңбек етіп келеді.
Ел дамуына ер азаматтармен қатар үлес қосып жүрген нәзік жандылар өте көп. Солардың бірі- Ольга Гутова.Ол Өскемендегі автобекеттің кассирі. Отыз жылдан астам уақыт бойы жұмыс істейтін маман ғұмырын осы салаға арнағанына еш өкінбейді. Табиғатына біткен нәзіктікке бой алдырып, ісіне салғырт қараған кезі болған емес. Бұл автобекетте қалааралық және облысаралық автобустар қатынайды.
Өз ісінің маманы Ольга Гутова барлық нәзік жандылардаы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Ал теміржол саласында еселі еңбек етіп келе жатқан әйел-аналар жетерлік. Құралай Ақпышева саналы ғұмырын осы салаға арнағандардың бірі. Әр саланың өз қиындығы болады. Әсіресе, темір жол саласының қиындығы көп, күрделі сала, дейді кейіпкеріміз.
Әйел - отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. «Әйел - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген де соны білдірсе керек.
Еңбегі еленген нәзік жандылар