____________________________ № _______________________ Астана қаласы город Астана
№ 116 от 07.12.2023
«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және
рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) объектінің бірегей нөмірі (бұдан әрі - ОБН) – объектіні мониторингілеу мақсатында құрылыс жобаларын әзірлеуге, реконструкциялауға (қайта жоспарлауға және қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алудан бастап пайдалануға қабылдауға дейін құрылыс объектісі туралы ақпаратты (мәліметтерді) жинау үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесінде қалыптастырылатын он сегіз таңбалы сәйкестендіру нөмірі;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Елді мекендердің аумағында әртүрлі мақсаттағы объектілерді өз бетінше салуға жол берілмейді.»;
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. «Сарыарқа» газ құбырын магистральдық және тарату желілерін қоспағанда, жобаланып жатқан инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды беруге жол берілмейді.
Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда, СЖТ және техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттардың ұсынылу талабымен құрылыс кезеңіне ұзартылады.
Құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттар ұсынылмаған жағдайда, СЖТ және техникалық шарттар берілген күнінен бастап үш жыл өткен соң жарамсыз деп есептеледі.
Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешімі объектіні пайдалануға енгізгенге дейін қолданылады.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды қозғамайтын жағдайларды қоспағанда, реконструкциялау (қайта жабдықтау, қайта жоспарлау) жобалары бойынша міндетті сараптамаға жататын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленеді.
Көрсетілген жағдайларда жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеудің алдында тапсырыс беруші аттестатталған сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы үй-жай, ғимарат немесе құрылыс конструкцияларының физикалық жай-күйіне, сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық зерттеп тексеру жүргізеді.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Жоспарланған құрылыс бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге сауалнама парағын және сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схеманы жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай құжаттарды қатар дайындайды:
1-топтама бойынша – егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмесін, тік жоспарлау белгілерін, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын;
3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімін.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай мерзімде жібереді:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер үшін 10 (он) жұмыс күні;
сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден:
1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;
2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда бас тартуға жол беріледі.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалау бойынша 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
СЖТ және техникалық шарттарды ұсынуға – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсынуға – 15 (он бес) жұмыс күні.
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалау бойынша 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
СЖТ және техникалық шарттарды ұсынуға – 15 (он бес) жұмыс күні;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсынуға – 17 (он жеті) жұмыс күні.
Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолда бар ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну бойынша 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.
1-ші мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелді бас тартуды ұсыну мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.»;
мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:
«44-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган «Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құжаттарды қарау қорытындысы бойынша осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші ОБН, объектінің атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып келісім-хатты немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.
2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушімен өтініш берушінің «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.»;
мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:
«57-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган «Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.»;
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«78. Бекітілген жобаға сәйкес кіреберіс есігі мен терезе блоктары (толтыру) орнатылған, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, қабырғалары мен төбелері сыланған және тегістелген (ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстарынсыз), еден жабынын салу бойынша төсем салынған (таза едендер салусыз), электр кабельдері мен сымдарын өткізу көзделген, пәтер ішіндегі бөлу автоматтары орнатылған (тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптарсыз, газды немесе электрлі ас үй плиталарсыз), аспаптарды орнату орындарына дейін жапқыш арматурасы мен тығындары бар су өткізу және кәріз құбырлары жүргізілген (санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар орнатусыз), сондай-ақ тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) орнатылған, жылыту аспаптары мен терезелік жақтау тақтайлары орнатылған, егер шартта осы көзделмесе, атап көрсетілгеннен асатын көлемдердегі жұмыстар орындалған, сондай-ақ объекті инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылып салынған, объектінің құрылысына бөлінген аумақты аббатандыру және көгаландыру бойынша жұмыстар орындалған объектілердің (кешендердің) жай-күйі салынған объектілердің (кешендердің) толық әзірлігін білдіреді.
Ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталған, таза едендер салынған, санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, газды немесе электрлі ас үй плиталары, тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке), пәтерішілік есік блоктары орнатылып және объекті инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылып салынған, объектінің құрылысына бөлінген аумақты аббатандыру және көгаландыру бойынша жұмыстар орындалған объектілердің жай-күйі мемлекеттiк инвестициялардың қатысуымен салынған тұрғын үй объектілерінің толық әзірлігін білдіреді.»;
79-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79-1. Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгенге дейін инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тіркеу үшін «Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 172/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9603 болып тіркелген) Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларына сәйкес жолдайды.
Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ЖАО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрына пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін әрі қарай енгізуді осы Қағидалардың 81-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 81-1-тармақпен толықтырылсын:
«81-1. ОБН-ді беру 1-мемлекеттік қызметті көрсету, 2-мемлекеттік қызметті көрсету, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау кезеңінде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.»;
4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
|
И. Шархан |