Тарбағатай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Орталықтың негізгі қызметтік міндеттері ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бағыттары бойынша жұмыстар жүргізеді.
- Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
- Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
- Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
- Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.
- Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
- Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
- Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.