Тарбағатай ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ

Қызмет

Бөлімнің негізгі қызметтік міндеттері:

Тарбағатай ауданының жастар қоғамдық бірлестіктерінің, білім мекемелерінің және еңбек ұжымдарындағы, ұйымдар мен кәсіпорындардағы жастар активтерінің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы қызметін үйлестіру болып табылады.

Мекеме қызметінің мақсаты – жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене күш-қуатының әлеуетін дамыту, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру.

 Мекеме мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:

1) психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтiк, заңгерлік көмектер көрсетуді жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мeн басқа да жастар өкiлдерiне кеңестер беру;

2) өздерінің тәни кемiстiктерiне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтiк көмек;

3) жас отбасыларына әлеуметтік көмек;

4) еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;

5) девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтiк көмек;

6) жастар арасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған адамдарды, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, маскүнемдiктен емдеуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды әлеуметтiк қалпына келтiру (оңалту);

7) құқықтық насихат, жастарды жұмысқа орналасу, бiлiм алу және кәсіптік даярлау, бос уақытты өткiзу, туризм және спорт салаларындағы өз құқықтарын iске асыру мүмкiндiгi туралы хабардар ету;

8) жастардың тұрғылықты жерi бойынша бос уақытын мазмұнды өткiзуiн ұйымдастыру, соның ішiнде жасөспiрiмдер мен жастардың аула клубтарын ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегi басқа да функциялар;

9) жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу.