Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру бөлімінің басшысы (лауазымының коды 04-1-1)

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Дене шынықтыру және спорт
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері: бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, бөлім құзыретіне кіретін міндеттерді орындаудың негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін анықтайды және бөлім жұмысын жоспарлайды. Бөлім қызметкерлері мен қызметкерлер арасындағы міндеттерді шарттық негізде бөлу, өзінің және басшылық тапсырмаларының орындалуын бақылайды, мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібін сақтауын бақылайды, Басқарма басшылығына бөлім қызметкерлерін көтермелеу немесе тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді. Бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша шешім жобаларын Басқарма басшысына қарауға ұсыныс енгізеді. Бұқаралық дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстары, бұқаралық ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауап береді. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу, өз өкілеттігі шеңберінде төрешілік үшін жаттықтырушыларды іссапарға жіберу жөніндегі бұйрықтарды әзірлейді және бекітуге енгізеді. Білім беру ұйымдарында, еңбек ұжымдарында, тұрғылықты жері бойынша және халықтың көпшілік демалатын орындарында, спорт клубтарында бұқаралық дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдер клубтарын құру жолымен оқудан тыс спорт жұмысының нысандарын кеңейту, жасөспірімдер арасында сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Облыста ауылдық дене шынықтыру қозғалысын дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Бұқаралық, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спорты бойынша облыстың құрама командаларын дайындайды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Облыстың спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесін әзірлейді, іске асырады және орындалуын бақылайды. Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысу үшін бұқаралық, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спорты бойынша облыстың құрама командаларының дайындығын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады. Бұқаралық ұлттық, мүгедектер спорт түрлері бойынша спорт резервін дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Бұқаралық, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спорты бойынша облыстың аға жаттықтырушыларының жұмысын бақылайды. Бұқаралық, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спорты бойынша облыс құрама командаларының жарыстарға қатысуына талдау жүргізеді. Бұқаралық, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спорты бойынша облыс құрама командаларын және спорт резервін дайындау бойынша жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Облыста бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелері бойынша ауылдық спортты дамыту мәселелері бойынша аудандық спорт бөлімдерімен, қоғамдық және спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Халықтың дене шынықтыру дайындығының Президенттік тестілерін енгізу бойынша мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.05.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.05.2021 – 21.05.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.05.2021

Сұхбаттасу орны

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 8 этаж, кабинет 807

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефон: 8 (7232) 70-22-92, 70-22-86