Қаржы-экономика бөлімінің басшысы
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Жүктелген құзырет шегінде бухгалтерлік есеп, жоспарлау және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жұмысын басқарады және оның уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттерді бөледі, бөлімнің ай сайынғы жоспарын әзірлейді. Бөлім қызметін жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді, оның құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды, бөлім мамандарының қызметін үйлестіреді. Басқарма басшысына бөлім қызметкерлерін қызметінен босату және тағайындау туралы ұсыныстар енгізеді.
Басқаратын мәселелер бойынша әкімдік, мәслихат қаулылары жобасын және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін әзірлеуге қатысады. Басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың төлемдері мен міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарының дұрыс орындалуын бақылауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға басшылық жасауды жүзеге асырады. Есептердің жасалуына, кәсіпорындар мен ұйымдардың есептерінің жағдайына, ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуына, бюджет қаражатының нысаналы, тиімді пайдаланылуына, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын, материалдық, қаржылық және техникалық құралдардың тиімді пайдаланылуына, бухгалтерлік құжаттардың уақтылы ресімделуі мен орындалуына, ақшалай қаражаттың, активтердің, материалдық құндылықтардың сақталуына, олардың есептен шығарылуының заңдылығын бақылауды жүзеге асырады. Бухгалтерлік және статистикалық есептердің уақтылы және сапалы жасалуын және олардың сәйкес органдарға белгіленген мерзімде тапсырылуын бақылайды. Жалақы қорын жұмсаудың дұрыстығына, лауазымдық жалақыларды белгілеуге, ақша қаражаттарын, тауарлық-материалдық құндылықтарды, негізгі қорларды, есептер мен төлем міндеттемелерін мүліктендіруді жүргізу ережесін сақтауды, белгіленген мерзімде төлем тәртібін сақтау арқылы дебиторлық қарызды өндіріп алуға бақылау жасайды. Бекітілген шығыстар спецификасы шегінде Басқарманы күтіп ұстауға қажетті қаражатты негіздеу.
Басқарма үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді. Сәйкес қаржылық жылға бюджеттік өтінімді әзірлеуге қатысады. Басшылық ететін және ұйымдастыру-құқықтық мәселелер бойынша талқылау кезінде Басқарма басшылығы өткізетін мәжілістерге, жиналыстарға қатысады.
Басқарма қызметінің бағыттары бойынша оның жұмыс сапасы мен өндірісін жоғарылату мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының бюджеттік басқару және өзге заңнамаларын сақтауға тексеру жүргізеді. Басқармамен жүргізілетін есеп пен есептілікті жүргізудің нақты және дұрыстығын бақылайды. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуын бақылайды. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуына талдау жүргізеді және талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарма үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді. Мемлекетік сатып алу жоспарының орындалуын бақылайды. Мемлекеттік сатып алулар және өзіне жүктелген міндеттемелердің уақытында орындалу мәселесі бойынша сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен жұмыс жасайды. Лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттермен байланысты жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Өз лауазымдық міндеттерін уақытында және сапалы орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.12.2020
- ШҚО, Өскемен қ, Казахстан көшесі, 59/1, 8 қабат, 803 кабинет
-
тел. 8(7232)70-22-86, 70-22-92