2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында-U20 және кіші 2009-2010 ж. т. ұлдар мен қыздар арасында - U16 жеңіл атлетикадан ҚР Чемпионаты
2024 жылғы 22-24 ақпан аралығында Өскемен қаласында "Ольга Рыпакова" жеңіл атлетика орталығында 2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында-U20 және кіші 2009-2010 ж. т. ұлдар мен қыздар арасында - U16 жеңіл атлетикадан ҚР Чемпионаты өтеді.
Жарысты ұйымдастыруды және өткізуді Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы, Қазақстан Республикасының спортты дамыту дирекциясы және ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
Жарысты өткізудің негізгі мақсаты: Шығыс Қазақстан облысында жеңіл атлетиканы дамыту және танымал ету, мықты спортшыларды анықтау, спорттық шеберлік деңгейін арттыру және 2024 жылдың 24-27 сәуірінде Дубайда (БАӘ) өтетін Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына іріктеу. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі медальдармен және дипломдармен марапатталады.
Жарыстың ашылу салтанаты 15:40.22 ақпан 2024 жыл.