Көркем гимнастикадан жастар арасындағы ҚР чемпионаты (1-разряд - 2012-2014 ж. т.) 2024 жылғы 19-24 ақпан, Өскемен қ.
2024 жылғы 21-23 ақпан аралығында Өскемен қаласында Шәкәрім даңғылы, 1/2 мекенжайындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде, көркем гимнастикадан жастар арасындағы ҚР Чемпионаты өтеді (1 - разряд - 2012-2014 ж. т.).
Жарысты ұйымдастыруды және өткізуді «Қазақстан гимнастика федерациясы» ҚБ, «ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ жүзеге асырады. Жарыстың бас демеушісі – «Қазцинк» АҚ.
Бас судья: Фотина Елена Вадимовна - халықаралық санаттағы судья.
Бас хатшы: Коробицына Анастасия Сергеевна-бірінші санатты спорт төрешісі.
Жарысты өткізудің негізгі мақсаты-Шығыс Қазақстан облысында көркем гимнастиканы дамыту және насихаттау, мықты спортшыларды анықтау, спорттық шеберлік деңгейлерін арттыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасын жасақтау.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі медальдармен және дипломдармен марапатталады.
Жарыстың ашылуы: 2024 жылғы 21 ақпан, сағат 11:30.