Жергілікті атқарушы органдар арасындағы республикалық спартакиада

Жарияланған күні: 10 маусым 2025

2025 жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық күнтізбесіне сәйкес, 2025 жылғы 10-17 маусым аралығында Өскемен қаласында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында республикалық спартакиада өтеді.
Спартакиада спорттың 9 түрінеy болады:
1. Шағын ФУТБОЛ (өткізу мерзімі 12-16.06.2025);
2. ВОЛЕЙБОЛ (өткізу мерзімі 12-16.06.2025);
3. Жүзу (өткізу мерзімі 12-13.06.2025);
4. Арқан ТАРТЫС (өткізу мерзімі 12.06.2025);
5. Шахмат (өткізу мерзімі 12-13.06.2025);
6. Тоғызқұмалақ (өткізу мерзімі 12-15.06.2025);
7. Үстел теннисі (өткізу мерзімі 12-14.06.2025);
8. Қазақ күресі (өткізу мерзімі 15-16.06.2025);
9. БАСКЕТБОЛ 3*3 (өткізу мерзімі 12-14.06.2025).
Облыс командаларының келу күні: 2025 жылғы 10 маусым (сейсенбі)
Мандаттық комиссияның отырысы 2025 жылғы 11 маусымда (сәрсенбі) "Үстел теннисі орталығында" өтеді.
Салтанатты ашылу рәсімі 2025 жылдың 11 маусымында (сәрсенбі) сағат 17.00-де ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" КММ-де Қаныш Сәтпаев даңғылы 82/2 мекенжайы бойынша өтеді.

Облыс командаларының кету күні: 2025 жылғы 18 маусым (жексенбі).
Республикалық спартакиадаға қатысушы өңірлердің құрама командаларына қатысушылар саны шамамен 1 300 адамды құрайды.