Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті білім, дене шынықтыру, денсаулық сақтау, мәдениет және олардың ведомстволық бағынысты мекемелері өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті білім, дене шынықтыру, денсаулық сақтау, мәдениет және олардың ведомстволық бағынысты мекемелері өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Іс-шараның мақсаты еңбекақы төлеу бойынша төлемдердің онлайн бюджеттік мониторингі модулінде қолданылатын жаңа құралдар туралы мәліметтерді жеткізу болып табылады.
Іс-шара соңында қатысушылар өзекті сұрақтарға, белгіленген есептеу және еңбекақы төлеу бұзушылықтары бойынша жауаптар алды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыстарын білдіріп, нәтижелері алдын алу-профилактикалық сипаттағы, яғни алдын алу шаралары болып табылатын мемлекеттік аудит объектілерінің бұзушылықтарды уақтылы жолын кесу мен жол бермеудің маңыздылығын атап өтті.