Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтай ауданының Серебрянск қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекеме қызметінің мәні Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:
1) оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
2) оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау (футбол, волейбол, үстел теннисі, армрестлинг, бокс, еркін күрес, шаңғы жарысы, жеңіл атлетика);
3) оқушылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбие жұмысын жүзеге асыру;
4) облыстың, республиканың құрама командаларын толықтыруға қабілетті спорттық резервті дайындау;
5) ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту және бұқаралық сипатқа қол жеткізу;
6) халықаралық және республикалық, облыстық жарыстарға қатыстыру болып табылады.