Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммунальнық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі балалар мен жасөспірімдер үшін спорт бойынша қосымша білімін жүзеге асыру үшін құрылған, заңды тұлға мәртебесі бар, ұйымдастыру-құқықтық формасындағы, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мекеме қызметінің мәні Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Мекеменің қызметі спорт резервін және жоғары дәрәжелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар түрлерінің тізбесі және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрінің бұйрығымен бекітілген 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығының тізбесіне сәйкес жүргізіледі.