Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар – жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Қызмет

Мекеме қызметінің мәні: Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт аймағындағы мемлекеттік саясатта жүзеге асыруы. Мақсаттарға қол жеткізу үшін мекеме мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) балалардың, жасөспірімдер, юниорлар мен жастар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және дене тәрбиесін жан-жақты дамытуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстардын жүргізу; 2) Қазақстан Республикасының және Шығыс Қазақстан облысының қабілетті құрама командандаларын құрамдарын толтыру, мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің, жоғары спорт шеберлігі мектебінің жұмысында сабақтастықты қамтамасыз ету;

 

Мекеменің көрсетілген мақсатының табыстары үшін қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады: 1) балалар, жасөспірімдер, юниорлар және жүйелі түрде спорттық сабақтарға тарту; 2) балаларды белгілі бір спорт түріне бейімділігін анықтау; 3) дене шынықтыру және еркін-моральды тәрбиелеу сапасы; 4) оқушылардың білім теориясы, әдістері, спорт ережелері, гигиена мен физиология, қауіпсіздік ережелерінің меңгерілуі; 5) спорт шеберлерінің деңгейін көтеру; 6) оқушылардың тандап алынған спорт түрінің жасына байланысты тобының нормативтық талаптарының орындалуын қамтамасыз ету; 7) қалалық, облыстық, республикалық құрама командаларының кандидаттарын даярлау; 8) жүйелі түрде спорттық жарыстар өткізу және жарысқақатысушыларды түрлі атақпен қамтамасыз ету.