Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт – техника мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ШҚО БЖТСМ КММ балаларды, жасөспірімдер мен жастарды президенттік көпсайыс (полиатлон), радиоспорт және спорттық бағдарлау сабақтарына тарту бойынша жұмыс жүргізеді, сондай-ақ олардың денсаулығы мен жан-жақты дене дамуын нығайтуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмысын жүргізеді, спорт резервін дайындауды, Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамын толықтыруға қабілетті жоғары білікті спортшыларды және полиатлон, радиоспорт және спорттық бағдарлау бойынша халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуді қамтамасыз етеді, спортпен шұғылданатын нұсқаушы-спортшылар мен спорт төрешілері қатарынан даярлауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.