«Серебрянск арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Серебрянск арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1994 жылы құрылған.
Ғимараттың жобалық қуаттылығы 50 төсек – орын. Мекеме қызметінің мәні: қызмет алушылар үшін жасына және денсаулық жағдайына барынша барабар, үйдегіге жақындатылған тыныс-тіршілік жағдайларын жасау.
Мекеме қызметінің мақсаты қарттар мен мүгедектердің ( бұдан әрі – қызмет алушылар) тұрақты тұруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету және қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке дамуын, әлеуметтенуі мен интеграциясын арттыруға бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес оларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну болып табылады.
Орналасқан жері: индекс 070825, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Серебрянск қаласы, Почтовая көшесі 4, тел. 8(72337)22099, 21686