ШҚО Самар ауданы Самар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, код (№ 12-7-7), 1 бірлік, (B блогы)

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-G-4

Орташа лауазымдық айлықақы

181109

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    Лауазымына сәйкес іс-қағаздарды жүргізеді; көріктендіруге байланысты іс-шаларалар жоспарын құрады, ауылдарды көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалалықты ұйымдастыру жұмыстарын атқарады; округтің мәдени-әлеуметтік маңызы бар нысандардың қысқы мерзімге дайындығы бойынша жұмыс жүргізеді. Елді-мекендердің ішкі жолдарын бақылауда ұстайды; су тасқынының алдын алу туралы іс-шаралар жоспарын құрып, жоспар бойынша жұмыстар ұйымдастырады; гидротехникалық құрылғылармен су қоймаларына және әкімшілік ғимаратында кезекшілік ұйымдастырады; округ аумағында су тасқынының, өрттердің алдын алу бойынша шараларының ұйымдастырады; төтенше жағдайлар аумағына азаматтық қорғаныс, авариялық қызметтерінің қатысуын жүзеге асырады; төтенше жағдайлар бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлейді; қажетті қауіпсіздік туралы, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шаралары туралы халықты, лауазымдық тұлғаларды және мекемелердің мамандарын ақпараттандырады, тұрғын-ұй құрылысын салу және жеке қосалқы шаруа жүргізу үшін жер телімін бөлу мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізеді; жер пайдаланудың барлық мәселелері бойынша кеңес береді және жұмыстарды атқарады; ауыз су, суарылмалы су мәселесі, су құбырларының жағдайы бойынша жұмыстармен айналысады; округтің коммуналдық тұрғын-үй қорының сақталуын, сондай-ақ округ аумағындағы автомобиль жолдарының құрылысын, жаңартылуын, жөнделуін, ұсталуын қамтамасыз етеді; жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуына ықпал етеді; елді-мекендердегі жарықтандыру жұмыстарын бақылауға алып, ұйымдастырады; сайлау алды науқаны кезіндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуына қатысады; округ әкімінің тапсырмасын орындайды; округ аумағында жүргізілетін мәдени-бұқаралық шаралардың ұйымдастырылуына және жүргізілуіне қатысады; ауылдық округ алқасы отырысында талқыланатын мәселелерді даярлауға қатысады. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын қатаң сақтайды.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 24.11.2022

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    25.11.2022 – 05.12.2022
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу
    Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10МБ

    Сұхбаттасу күні

    07.12.2022

    Сұхбаттасу орны

    Шығыс қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар а., Горохов к. 58, 8 кабинет. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(72-333)-3-19-06, факс 8 (72-333)-3-19-06