ШҚО Самар ауданы әкімі аппаратының қаржы – шаруашылық бөлімінің басшысы, код (№ 04-1), 1 бірлік, (блок А)
Шығыс Қазақстан облысы
327920
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
- жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді; бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру, қаржылық және басқа құжаттарды, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті сақтауға, аппарат қызметкерлерінің жалақысына дер кезінде ақша аудару және төлеуге, салықтық есептемелерді сақтау, тауарлық-материалдық құндылықтарды тіркеу және есептен шығарудың дұрыстығына, бюджеттік қаражаттарды мақсатты қолдануды дұрыс ұйымдастыруға бақылау жасау, бюджеттік бағдарламалардың мониторингі, олардың тиімділігіне талдау жасау;
Барлық деңгейдегі нормативтік құжаттарды, соның ішінде өзінің есеп саласындағы Заңдарын білу. Бөлімнің сметалық шығындарын есептеп, бюджеттен түсетін қаржылардың есебін жүргізеді. Кассалық және банктік құжаттарды әзірлеп, тексереді, ақша және есеп айырысу операцияларына және бағалы заттарға есеп жүргізеді. Бөлімнің шығындарын есептеп, бас кітапты толтырады. Бекітілген тізімдемеге сәйкес мемлекеттік органдарға айлық, тоқсандық және жылдық есептерді тапсырады. Сметалық-қаржылық тәртіптің орындалуына бақылау жасайды. Мемлекеттік кірістер басқармасы және басқа мекемелермен салыстыру актілерін жүргізеді. Қазынашылықпен өзара байланысты қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған уәкілетті органдардың сұраныстарына, хаттарына жауап береді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
samar@kokpekti.vko.gov.kz
- 25.11.2022
- Шығыс Қазақстан облысы Самар ауылы, Горохов көшесі 58, каб № 8 «Самар ауданы әкімінің аппараты» ММ
-
8(72-333)-3-19-06, факс 8 (72-333)-3-19-06