ШҚО Самар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі, код (№ 11-1-1), 1 бірлік, (блок А)

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-R-3

Орташа лауазымдық айлықақы

282691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің бар болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Туризм
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Аудандағы шағын кәсіпкерліктің және туризмнің дамуы мен қолдауына қатысады. Шағын және орта бизнеске консультативтік-ақпараттық көмек көрсету. Ауданда кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, инвестиция салуды, сауда, нарық конъюнктурасын және туризмды  дамытудың серпініне мониторинг жүргізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын талдау. Аудан әкімінің аудан кәсіпкерлерімен, кәсіпорын басшыларымен кездесуін, ауданның кәсіпорындарының облыстық «Қазақстанның үздік тауары» конкурсына қатысуын қамтамасыз етеді. Ауданның индустриалдық-инновациялық жобаларының іске асырылуын талдауды жүзеге асырады. Ауданның кәсіпкерлік субъектілеріне бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын (құралдарын) алуда көмек көрсету (субсидиялаумен кредит беру, гранттар, құрылымдарды жүргізу, сервистік қолдау). Ауданның жұмыс істемейтін  және тоқтатылған шағын және орта бизнесін жандандыру бойынша жұмыстар жүргізу. Бөлім дайындайтын аудан әкімінің және әкімдіктің актілер жобаларын заң талаптарына сәйкестігін тексереді. Заңды және жеке тұлғалардан түскен талап арыздары бойынша сотта, сот отырыстарында, сондай-ақ басқа мекемелерде құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде бөлім мүддесін өкілет етеді. Заң талаптарына сәйкес бөлім құжаттарын қарастырады және келіседі (бұйрықтар, келісімшарттар, бөлім туралы Ереже,  лауазымдық нұсқаулар және өзге де құқықтық актілер). Бөлімнің номенклатура ісін құрастыруды іске асырады. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.11.2022 – 18.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: (10 МБ)

Сұхбаттасу күні

22.11.2022

Сұхбаттасу орны

Шығыс қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар а., Горохов к. 58, 8 кабинет. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

8(72-333)-3-19-06, факс 8 (72-333)-3-19-06