ШҚО Самар ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің жетекші маманы, код (№ 08-1-7), 1 бірлік, (блок С)
Шығыс Қазақстан облысы
156129
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Педагогика және психология
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Әлеуметтік жұмыс
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендерге, тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мүгедектерді арнайы жылжымалы құралдармен, протезді-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық және тазалық құралдарымен, мүгедектік арбалармен қамтамасыз ету. Ардагерлерге санаторлы-шипажайда емделуіне жолдама беру, жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге медикалы-әлеуметтік мекемелерде арнайы қызмет көрсету үшін, жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту кемiстiгi бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметтерiн ұсыну үшiн құжаттарды ресiмдеу және қамтамасыз ету; ақталған адамға куәлік беру; үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға жәрдемақы, көпбалалы аналарға біржолғы материалдық көмек тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру; әлеуметтік объектілерді паспорттау және бейімдеу бойынша жұмыстарды жүргізу; «Е-Собес», «ЦБДИ», «Е-акимат», «ИИСЦОН», «ЭСЭДО», «Қол жетімділіктің интерактивті картасы» бағдарламаларымен жұмыс жасау; тыл еңбеккерлерінің мәртебесін анықтау бойынша комиссия жұмысын жүргізу; стандартқа және регламентке сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге және мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытында, сапалы орындауға дербес жауапты; Құзіретіне кіретін анықтамалар, ақпараттар дайындау. Бөлім басшысының және бөлім басшысы орынбасарының тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
samar@kokpekti.vko.gov.kz
- 01.11.2022
- Шығыс қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар а., Горохов к. 58, 8 кабинет. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
-
8(72-333)-3-19-06, факс 8 (72-333)-3-19-06