ШҚО Самар ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас маманы, код (№ 01-1-1), 1 бірлік,(блок Б)

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-4

Орташа лауазымдық айлықақы

210086

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Функционалды міндеттер

Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімімен тікелей жұмысты қамтамасыз ету. Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімімен жұмысты ұйымдастыру және ақпараттық байланыстарды жүзеге асыру. Жыл сайынғы халық алдындағы есеп беру кездесу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Аудан әкімінің есепті кездесулер барысында  көтерілген мәселелелер бойынша ай сайын талдау жүргізу. Ауылдық округтар шегіндегі сайлаушылар тізімі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету. Ауданда электрондық мемлекеттік ақпараттық жүйені енгізу және қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; аппаратта ақпараттық технологияларды енгізу бойынша нормативтік материалдарды әзірлеу; аудан әкімінің ресми сайты мен блогын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Аудан әкімінің  ресми сайтының жұмысын қамтамасыз етеді, сайт әкімгері болып табылады. Аудан әкімінің ресми сайтына жіберілген ақпараттардың уақытында орналастырылуын және ақпараттың сапасын қадағалау. "Ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесі", «Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау әдістемесі», «Мемлекеттік қызметтер бойынша әдістеме» бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру, Бейне – конференц байланыс режимінде өтетін селекторлық  мәжілістерді  дайындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.10.2022 – 14.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: (10 МБ)

Сұхбаттасу күні

18.10.2022

Сұхбаттасу орны

Шығыс қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар а., Горохов к. 58, 8 кабинет. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

8(72-333)-3-19-06, факс 8 (72-333)-3-19-06