ШҚО Самар ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы, код (№ 11-1-2), 1 бірлік (блок А)
Шығыс Қазақстан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Кадастр
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Ауданның азық-түлік астығын және қайта өндеу өнімдерін қамтамасыз ету мониторингі. Астықтың қолда бары және қозғалысы жөнінде астық нарығына қатысушылардан ақпарат жинау. Егістік көлемдері, дақылдар өнімділігі және шаруашылық құрылымдарынан ұсыну мониторингі. Ауыл шаруашылық құрылымдарымен ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясын сақтау мониторингі. Шағын бизнестің жұмысын үйлестіру, талдау және болжау. Шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларын іске асыру. Өндірістік кәсіпорындар жұмысын үйлестіру, болжау және талдау. Аймақтың индустриалды-инновациялық даму жобаларын жасауға қатысу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық паспортын жасауға қатысу. Ауданның жұмыс істемейтін және тоқтатылған шағын және орта бизнесін жандандыру бойынша жұмыстар жүргізу. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі қазақстандық құрамы туралы ақпарат әзірлеу. Құзіретіне кіретін анықтамалар, ақпараттар дайындау. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
samar@kokpekti.vko.gov.kz
- 27.09.2022
- Шығыс қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар а., Горохов к. 58, 3 қабат, 8 кабинет. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
-
8(72-333)-3-19-06, факс 8(72-333)-3-19-06,