ШҚО Самар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, код (№ 07-1-3), 1 бірлік, (блок А)
Шығыс Қазақстан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Сәулет
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Жерге орналастыру
- Кадастр
Функционалды міндеттер
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыстарды жүргізеді; Базалық деңгейдегі қала құрылыс кадастырын жүргізу; Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының орындалуын сақтауға қадағалау жасайды; Салушылар мен тапсырысшыларда құрылыс және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге құқықтық және техникалық құжаттардың бар болуын тексереді; мемлекеттік органдарында қорғау, жаңғырту және тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін қолдану, оларды қорғау және салуды реттеу зоналарына орнатуға, жарнаманы орнату және орналастыруды бекітуге, кіші сәулет формаларын, ескерткіштер мен монументтердің белгілерін, қасбеттерді бояуға ат салысады; тұрғындардың тіршілік әрекеті ортасының жағдайы және оларды өзгерту бойынша ниеттерімен хабардар етеді; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтерін жүзеге асыруда жариялылықты, қала құрылыс құжаттамаларының жобаларын қарастырғанда қоғамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.
«Е-қызмет» персоналды басқару біріктірілген ақпараттық жүесінде жұмыс істеу. Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу.
Бөлім басшысының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді стандарттармен регламенттарға сәйкес сапалы және уақытылы көрсету.
Сәйкес мәселелер бойынша аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі өкімдерінің жобаларын дайындау. Құзіретіне кіретін анықтамалар, ақпараттар дайындау. Бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
samar@kokpekti.vko.gov.kz
- 26.09.2022
- Шығыс қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар а., Горохов к. 58, 3 қабат, 8 кабинет. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
-
8(72-333)-3-19-06, факс 8(72-333)-3-19-06