ШҚО Самар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, Е-3 санаты, код (№ 03-1), 1 бірлік, блогы А

Мемлекеттік орган

Самар ауданының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  7. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысын жоспарлау. Бөлімнің жұмыс жоспарын бақылау және құжаттарды орындау. Персоналды басқару стратегиясын дайындау және енгізу. Аудан әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және дербес бөлімдердің кадрлық жұмысын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру, кәсіби дағдыларды қалыптастыру және тәлімгерлікті ұйымдастыру. Кәсіби кадрлардың өсуін, оның ішінде қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтуін қамтамасыз ету. Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік комиссияның және кадр мәселелері жөніндегі басқа да комиссияның жұмысын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметке кіру және қызметін тоқтату ережесін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды, аттестаттаудан өту ережесін сақтауды ұйымдастыру. Еңбек және Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды орындау, еңбек режимінің шарттарын сақтау, мемлекеттік қызметтегі шектеулерді сақтау; мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, орган басшысына қызметкерлерді арттыру және ынталандыру жөніндегі ұсыныспен шығу. ҚР заңнамаларымен мемлекеттік қызметшілерді реттеу бойынша Персоналды басқару бөлімінің функциялары мен міндеттерін енгізу. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде кадрлық іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.08.2022 – 19.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.08.2022

Сұхбаттасу орны

Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар а., Горохов к. 58. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72-333)-3-19-06