ШҚО Самар ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы, код (№01-1) А блогы, Е-3 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Самар ауданының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  7. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Функционалды міндеттер

Сайлау, референдум өткізудің ұйымдастырушылық және техникалық мәселелері; әкімшілік-аумақтық бөлу жөніндегі ұйымдастыру жұмысы. "Электрондық үкімет" құру бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, ҚР Президентінің, облыс әкімінің актілерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ҚР заңнамасын іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік көмек көрсету, ҚР Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің, әкімдіктің, аудан әкімдігінің актілерін жүзеге асыруда практикалық көмек көрсету; Самар ауданында электрондық мемлекеттік ақпараттық жүйені енгізу бойынша шараларды іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; аппаратта ақпараттық технологияларды енгізу бойынша нормативтік материалдарды әзірлеу; аудан әкімінің ресми сайты мен блогын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; ақпарат теңсіздігін қысқарту бойынша Бағдарламаны іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; сайлаушылардың электрондық тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру, "Ақпараттық технологияларды пайдалану" саласында мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік қызметтердің сапасын мониторингілеу және бағалау. Аудан әкімінің және ауылдық округтар әкімдерінің жыл сайынғы халық алдындағы есеп беру кездесулерінің желілік-кестесін әзірлеу, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету. Өткізілген есепті кездесулердің қорытындылары бойынша ақпарат жинау. Сайлаушылардың электрондық тізімін жүргізу, «ЖТТ» бағдарламасын енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2022 – 17.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.08.2022

Сұхбаттасу орны

Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар а., Горохов к. 58. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72-333)-3-19-06