ШҚО Самар ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің басшысы, код (№02-1) А блогы, Е-3 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Самар ауданының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  7. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Функционалды міндеттер

Кеңсе жұмысын жоспарлау. Аудан әкімінің аппаратында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына, сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес іс жүргізуді жүргізу және орындалуына бақылау жасау. Аппаратта, бөлімдерде, кенттік және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында электрондық құжат айналымы жүйесіндегі жұмысты ұйымдастыру, осы жұмыстың орындалуын бақылау және үйлестіруді ұйымдастыру. Азаматтардың өтініштерін дер кезінде тіркеу, қарастыру мерзімдерінің қадағалануын бақылауды жүзеге асыру. Ведомстволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру, істер номенклатурасы бойынша аудан әкімі аппаратының бөлімдерінің құжаттарын қалыптастыруды бақылау. «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Құпия» белгісі бар іс құжаттарын жүргізу.  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасына № 1-ТО нысаны бойынша статистикалық есепті жинап, тапсыру. Аудан әкімдігінің, аудан әкімінің актілерін және аудан әкімінің аппарат басшысының бұйрықтарын тіркеу. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, өтініштер мен арыздарды есепке алады және олардың уақытылы қаралуын қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2022 – 17.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.08.2022

Сұхбаттасу орны

Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар а., Горохов к. 58. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

8(72-333)-3-19-06