ШҚО Самар ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы, код (№05-1) А блогы, Е-3 санаты, 1 бірлік
Самар ауданының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
- жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасайды; әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуге, аудан әкімдігінің, аудан активтерінің мәжілістерінде қарау үшін бөлім желісі бойынша мәселелерді дайындауды ұйымдастыруға қатысады; әкімдік қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне прокурорлық әрекет ету актілерін қарауды қамтамасыз етеді, оларды талдауды және мониторингін қамтамасыз етеді; әкімнің және әкімдіктің актілер жобаларының заңнама талаптарына сәйкес келуін тексереді, оларға беттер бойынша дәйектендіру жүргізеді; Аудан әкіміне ауылдық округ әкімдерінің заңға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерін жою туралы ұсыныстар енгізеді; құқықтық мәселелер бойынша аудан әкіміне және оның орынбасарларына консультация береді; Заңды және жеке тұлғалардың талаптары бойынша сотта, сондай-ақ құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде басқа ұйымдарда әкімдіктің, әкімнің, аудан әкімі аппаратының мүддесін білдіреді; Әкімнің құқық қорғау органдармен өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету. Терроризмге, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша салалық және өңірлік бағдарламаларды, сондай-ақ оларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарларының орындалуын бақылау және үйлестіру. Аудан әкімі аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнаманы насихаттау және түсіндіру, нормативтік актілердің жобаларын дайындауға қатысу. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аймақтық бағдарламалардың орындалу барысын бақылау. Бөлім тарапынан күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық және жартыжылдық есептердің тапсырылуына қадағалау жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.08.2022
- Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар а., Горохов к. 58. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
-
8(72-333)-3-19-06