ШҚО Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, спорт бөлімінің басшысы, код (№ Р-1), 1 бірлік, (блок А)

Мемлекеттік орган

Самар ауданының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-R-1 (қолданыстағы) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

   4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Өнер
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Құқық
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Спорт менеджменті

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысын жоспарлау және жалпы басшылық. Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларында жеке аймақтық жоспарды әзірлеу, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортмәселелері бойынша аймақта мемлекеттік органдармен түбегейлі, шұғыл, жедел және арнайы жоспарлауды жүзеге асыру. Ақпараттық-идеологиялық, ұйымдастырушылық және қоғамдық-саяси жұмыстар ұйымдастыру үшін саяси маңызды шараларға жататын оқиғалар жинағын тоқсан және жыл сайын қалыптастыру. Қаржы жұмыстарын, бюджетті жоспарулауды, шығын сметасын жасауды, төленетін қызмет көрсетудің талдау жұмыстарын ұйымдастыру. Арыздарды, хаттарды, жұмысшылар өтініштерін қарауды ұйымдастыру, азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру. Саяси жоспарлауды жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу, ішкі саясат мәселелері бойынша мемлекеттік органдарының жұмыстарын үйлестіру. Саяси партияларының және қоғамдық ұйымдарының, үкіметтік емес секторларының қызметтерінің мониторингін жүргізу. Қоғамдық – саяси саласында, дінде және басқа салаларда өзгерістер бойынша талдау материалдарын дайындау, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру.Аудан әкімінің жұмыс кестесін қалыптастыруға қатысу. ҚР заңнамаларын, Президенттің халыққа Жолдауын, мемлекеттік және аймақтық әлеуметтік-экономикалық және саяси даму бағдарламаларын, мемлекеттік ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын насихаттау және түсіндіру бойынша бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс жүргізу. Аймақта ішкі саясат мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен жұмысты үйлестіру, саяси жоспарлауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Ішкі саяси үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысады, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-қимылды жүргізеді, аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды болжайды және талдайды, саяси партиялар, діни және қоғамдық бірлестіктермен өзара жұмысты үйлестіреді. Ауданда саяси жоспарлауды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру.

Мәдениет мекемелеріне басшылық ету, олардың материалдық базасын нығайту. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысын іске асыру. Қаржы және шаруашылық қызметтерін жүзеге асыру. Мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды, театр, музыка, кітапхана, мұражай өнерлерінің түрлерін дамытуды, халық шаруашылығы мен көркемөнерпаздықты дамытуды, мәдени мұраны сақтауды және тілдерді дамытуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Музыка, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана ісі саласында мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құруына, қайта ұйымдастыруына және таратуына бастама жасайды, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

Спорт  саласында  материалды-техникалық базасын ұйымдастыру  және  нығайтуына  күш  салады;

       Дене  шынықтыру  және  спорт   саласында  мемлекеттік  саясатты  орындау   және  жүзеге  асыру;Ауданда жаппай – спорттық жұмысын насихаттау, спорттық қозғалысты дамыту;   денешынықтыру және спорт бағдарламаларын жүзеге асыру және орындалуын үйлестіру;    жаппай және ұлттық спорт түрлерін жоспарлау және өткізу; Президенттік тестілеуді уақытында өткізуді үлестіру;Өзінің  лауазымды  және  қызметтік  міндеттерің  нәтижелі  және  дер  кезінде  орындауға , жауапкершілік  атқарады. Мемлекеттік   және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру. Бөлімдегі мемлекеттік сатып алуларды бақылау. Мемлекеттік қызметтерді  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетуді қамтамасыз ету, мемлекетік қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуіне жауапты.

Басшы  бөлім жұмысының  негізгі  бағыттарын нығайтуын қамтамасыз  етеді;Бөлім дайындайтын аудан әкімінің және әкімдіктің актілер жобаларын заң талаптарына сәйкестігін тексереді. Заңды және жеке тұлғалардан түскен талап арыздары бойынша сотта, сот отырыстарында, сондай-ақ басқа мекемелерде құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде бөлім мүддесін өкілет етеді. Заң талаптарына сәйкес бөлім құжаттарын қарастырады және келіседі (бұйрықтар, келісімшарттар, бөлім туралы Ереже, лауазымдық нұсқаулар және өзге де құқықтық актілер). Еңбек тәртібі, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша ережесін сақтауға бақылау.Барлық  ведомстволық бағынысты мекемелерінде кадрларды іріктеу, орналастыру, жұмыс жоспарын бекіту және олардың орындалуын қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.10.2025 – 24.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10МБ

Сұхбаттасу күні

28.10.2025

Сұхбаттасу орны

ВКО район Самар село Самарское ул. Горохова 58

Анықтама алу үшін байланыс

87764127779

87787357773