Самар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, код (№ ОЖКХПТАДАГиСРСВКО-4), 1 бірлік, (А блогы)
Самар ауданының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Жерге орналастыру
- Сәулет
- Автоматтандыру және басқару
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Геодезия және картография
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Кадастр
- Логистика (сала бойынша)
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Функционалды міндеттер
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмыстарын үйлестіру. Ауданның көп пәтерлі тұрғын үйлер қоры жағдайына мониторинг жүргізу. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізудің кезектілігі мен тізімін анықтау бойынша жұмыстарды орындайды. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне жүргізілген күрделі жөндеудің жекеше түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне техникалық тексеруді ұйымдастыру.
Ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорының есебі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Азаматтардың кезектік тізімін, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждарды есепке алу және қайта тіркеуді жүргізу, тұрғын үй комиссиясы отырысына сұрақтар дайындау, іс-қағаздарын жұргізу, үй құжаттарын есепке алу және рәсімдеу. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығын дамыту, мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару және «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңына сәйкес өз міндеттірін атқару.
Ауданның аумақтық қорғанысының жоспарын әзірлеп, аумақтық қорғанысқа қатысатын, жұмыс күштері мен қажетттіліктердің әскери өкімін дайындайды. Ауданның аумақтық қорғанысының құрылымдарының дайындығын жүзеге асырады. Аумақтық қорғанысты қалыптастырудағы кешендеуді адам ресурстарымен, автомобиль және шаруашылық нысандарының арнайы техникасымен қамтамасыз етеді. Топографиялық – геодезиялық сапалы жүргізілуіне, олардың сейсмоаудандастырылуы бойынша нижинерлік ізденістер, олардың есебін, сақталуы мен таратылуына бақылау жасайды. Аумақтық қорғаныс мүддесіндегі жұмылдыру ресурстарының дайындығы мен әскерге шақырушыларды есепке алуды ұйымдастырады.Бөлім басшысының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді стандарттармен регламенттарға сәйкес сапалы және уақытылы көрсету. Сәйкес мәселелер бойынша аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі өкімдерінің жобаларын дайындау. Құзіретіне кіретін анықтамалар, ақпараттар дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.erezhepova@akimvko.gov.kz
- 28.08.2024
- ГУ «Аппарат акима района Самар» Восточно-Казахстанской области с.Самарское, ул. Горохова, 58,
-
8(72-333)-3-16-61