ШҚО Самар ауданы Самар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, код (№ $kod-6), 1 бірлік, (B блогы)
Самар ауданының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Функционалды міндеттер
Округ әкімінің аппаратындағы лауазымына сәйкес іс-қағаздарды жүргізу; ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын орындау; жалпы азаматтық құндылықтардың нормативтік мақсаттарын насихаттайды; жастарды еңбекпен қамту, еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды атқарады; жастардың демалыс уақыттарын ұйымдастырады, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыстарды жүргізеді; округ, аудан, облыс көлемінде өткізілетін түрлі жарыстарға жастардың қатысуын ұйымдастырады; аудан әкімінің ресми сайтындағы, әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды жаңартып отырады; компьютерлік-техникалық жабдықтардың сақталуын қадағалайды; ішкі істер бөлімімен, мектептермен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, жастар арасындағы нашақорлық пен ішімдікке, қылмыскерлікке қарсы күрестің кешенді шараларын ұйымдастырып, өткізеді; ерікті халық жасақтарының кезекшілігі кестесін құрып, кезекшілік бойынша жұмыс жүргізілуін қадағалайды; балалар, жастар бірлестігі мен қозғалысының қалыптасуына, олардың жұмыс қызметін ауылдық округ шеңберінде үйлестіруге әрекет етеді; қылмыстық-атқару инспекциясында тіркеуде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге ықпал етеді; қоғамдық жұмыстарды, жастар іс-тәжірибесі бойынша жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады; ардагердер кеңесі, жастар кеңесі, әйелдер кеңесінің жұмыстарын ұйымдастырады; сайлау алды науқаны кезіндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуына қатысады;Елбасының жыл сайынғы Жолдауы бойынша жұмыстар ұйымдастырып, жүргізеді; округте өткізіліп жатқан мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар туралы ақпаратты даярлап, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөліміне жібереді; ономастикалық жұмысты үйлестіреді; тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыралы; жалпыға бірдей құқықтық насихатты және құқықтық оқуларды ұйымдастырады; мемлекеттік рәміздерді зерделеп насихаттау, дін мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізеді, ауылдық округ аумағында жүргізілетін мәдени – бұқаралық шаралардың ұйымдастырылуына және жүргізілуіне қатысады; ауылдық округ алқасы отырысында талқыланатын мәселелерді даярлауға қатысады. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын қатаң сақтайды. Өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеуге міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.erezhepova@akimvko.gov.kz
- 26.06.2024
- Шығыс Қазақстан облысы «Самар ауданы әкімінің аппараты» ММ Самар ауылы, Горохов көшесі 58.
-
8(72-333)-3-16-61