ШҚО Самар ауданы Палатцы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы,код (№ 12-6-2), 1 бірлік, (B блогы)

Мемлекеттік орган

Самар ауданының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-G-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

210086

Жалпы біліктілік талаптары

E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    Округ әкімінің аппаратындағы лауазымына сәйкес іс-қағаздарды жүргізеді; Жер қатынастары бойынша жұмыстарды жүргізу, меморандум бекіту. Округтегі көлікке, жерге, мүлікке салынатын салықтың өз уақытында және толығымен төленуін қамтамасыз ету. Алгоритм бойынша жұмыс жасау. Шаруа қожалықтарының жұмысын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу, аудандық ауыл щаруашылық, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу, аудандық ауыл шаруашалық, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту бөлімдерінің тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету. Шаруашылық кітаптардың электрондық есебін жүргізу. Ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, жылжымайтын мүліктерін реттеу және есептерін жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету. Елді-мекендерде малдарды жаю жерлерін аңықтауды ұйымдастыру. Елді-мекендерде санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру. Округтегі елді-мекендерді ауыз сумен жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыру. Төтенше жағдайлармен, өртке қарсы қызмет жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.  Округ әкімінің тапсырмаларын орындау. Аудандық атқарушы органдармен қарым-қатынасты ұйымдастыру және есептер тапсыру.  Бас маман-хатшы жоқ кезінде оның міндеттерін атқарады. Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын қатаң сақтайды. Өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеуге міндетті.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 13.03.2024

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    14.03.2024 – 27.03.2024
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу
    Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10МБ

    Сұхбаттасу күні

    02.04.2024

    Сұхбаттасу орны

    «Аппарат акима района Самар ВКО», район Самар, с. Самарское, ул. Горохова, 58, Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін

    Анықтама алу үшін байланыс

    8/72333/31-661, 87764127779, 87787357773,