ШҚО Самар ауданы Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, (№11-1-3 коды), 1 бірлік, (блок А)
Самар ауданының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Агроинженерия
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Қоғамдық байланыс
- Машина жасау
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Аграрлық техника және технология
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Өсімдік қорғау және карантин
- Туризм
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Ауданның азық-түлік астығын және қайта өндеу өнімдерін қамтамасыз ету мониторингі. Астықтың қолда бары және қозғалысы жөнінде астық нарығына қатысушылардан ақпарат жинау. Аудандағы шағын кәсіпкерліктің және туризмнің дамуы мен қолдауына қатысады. Егістік көлемдері, дақылдар өнімділігі және шаруашылық құрылымдарынан ұсыну мониторингі. Ауыл шаруашылық құрылымдарымен ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясын сақтау мониторингі. Аграрлық-өнеркәсіп кешенінің субъектілеріне негізгі бағыттар және мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатының механизмін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу. Ауылда реформаларды тереңдету бағдарламасын жүзеге асыруға көмек көрсету және саланы қаржылық сауықтыру, мал және өсімдік саласына берілетін субсидия құжаттарын дайындау, экономикалық сараптама жүргізу.
Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Заңнамалық актілерде белгіленген арнайы өнімдердің есебін жүргізу және сақтауды ұйымдастыру; Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жолқұрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу, кепілдігін тіркеу және байқау жүргізу, тиісті құжаттар беру, тракторист-машинист куәліктерін беру, оған үміткерлерден емтихан алу; Техникалық инспекция бойынша есептерді дайындау және тапсыру, заңға сәйкес өзге де міндеттерді атқару. Заңды және жеке тұлғалардан түскен талап арыздары бойынша сотта, сот отырыстарында, сондай-ақ басқа мекемелерде құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде бөлім мүддесін өкілет етеді. Ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарын лизингке алуды ұйымдастыру. Құзіретіне кіретін анықтамалар, ақпараттар дайындау. Бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
akimat_samar_54@mail.ru
- 05.02.2024
- Шығыс Қазақстан облысы «Самар ауданы әкімінің аппараты» ММ Самар ауылы, Горохов көшесі 58.
-
тел.8/72333/31661,8 776 412 7779