ШҚО Самар ауданы Миролюбовка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман хатшысы код ((№ 12-5-1), 1 бірлік, (блок А)
Самар ауданының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Округ әкімінің аппаратындағы іс-қағаздарды жүргізеді; округ әкімінің өкімдерін рәсімдейді; заңды және жеке тұлғалардың жеке қабылдауын ұйымдастырады; жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері бойынша «Е-өтініш» жүйесінде жұмыстарды жүргізеді; заңды және жеке тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштері мен шағымдарын орындаушыға жеткізеді, өтініш берушілерге уақытында жауап беруді қадағалайды; заңды тұлға және жеке азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша 1-ОЛ нысанды есептерді уақытында тапсырады; шаруашылық кітаптарды толтыру үшін үй шаруашылықтары бойынша техникалар және жабдықтары, тұрғындар туралы және мал басы саны бойынша мәліметтер жинақтайды; шаруашылық кітаптарды толтырады; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша мемлекеттік қызметтерін көрсетеді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдайды; ҚР Конституциялық нормаларын, Заңдарын, Президенттің және ҚР Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін азаматтардың және заңды тұлғалардың орындауына ықпал етеді; ҚР заңнамасында бекітілген тәртіпке сай Әділет басқамасы органдары жоқ елді-мекендерде азаматтардың хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады; кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркейді; құжаттарды дұрыс толтырып, сақтап, мұрағатқа өткізеді; сайлаушылардың санына өзгертулер енгізеді, тоқсандық есебін дайындайды; сайлау алды науқаны кезінде техникалық жұмысты басқарады; азаматтарды қабылдайды және анықтама береді; әлеуметтік сұрақтар бойынша жұмыстармен айналысады: отбасының материалдық жағдайын тексереді, әлеуметтік карталарды жасайды, атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысына және басқа да әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін аз қамтылған тұлғаларды анықтайды. Марапаттау бойынша құжаттарды ресімдейді; мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырылуын ұйымдастырады; тұрғындар кездесулері мен ауыл әкімі жанындағы комиссия жиынының хаттамаларын әзірлеу; мәдени-бұқаралық шаралардың ұйымдастырылуына және жүргізілуіне қатысады; ауылдық округ алқасы отырысында талқыланатын мәселелерді даярлауға қатысады. Жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, округтің идеологиялық жұмысын жүргізу; жастардың жұмыспен қамтылуын және еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету; әскери міндеттілердің есебін жүргізеді; ішкі еңбек тәртібі қағидаларын қатаң сақтайды. Өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеуге міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
akimat_samar_54@mail.ru
- 29.11.2023
- Шығыс Қазақстан облысы «Самар ауданы әкімінің аппараты» ММ Самар ауылы, Горохов көшесі 58.
-
87233331661,87764127779