Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары, Е-R-2 санаты, код (№ 06-1-1),1 бірлік, (А блогы)

Мемлекеттік орган

Самар ауданының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-R-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

E-R-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Басшымен бірге бірлесе ауданның даму бағдарламасын жетілдіру және ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасау, әкімшілік-аймақтық бірлік бюджетінің жобасын қалыптастыру. Ауданның қоғамдық-экономикасының даму рейтингісінің қортындыларын дайындау.

Аудан бюджетін жоспарлайды. Жергілікті бюджеттің кіріс түрлеріне және есептемелері бойынша түскен кірістерге талдау жасау. Жергілікті бюджеттің орындалуын және қалыптастыру үрдісін жетілдіру, бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету; бюджеттік болжау әдістемелерін енгізу. Бірыңғай мемлекеттік қаржы саясатын аудан аумағында жүзеге асырауға және әзірлеуге қатысуды қамтамасыз ету; жергілікті шығыс және кірісті жоспарлаудың экономикалық негіздемесі негізінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес алдыңғы қаржылық жылғы арналған әкімшілік-аймақтық бірліктің жобасын құрастыруды, әкімшілік-аймақтық бірліктің сәйкес бюджетінің орындалуын ұйымдастыру. Аудан аумағында коммуналдық меншік нысандарының есебін жүргізу. Аудан бойынша мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.09.2023 – 21.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мб

Сұхбаттасу күні

26.09.2023

Сұхбаттасу орны

Шығыс Қазақстан облысы «Самар ауданы әкімінің аппараты» ММ (Самар ауылы, Горохов көшесі 58.

Анықтама алу үшін байланыс

8(72-333)-3-16-61, факс 8(72-333)-3-16-61,8 776 412 77 79