ШҚО Самар ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің бас маман аудармашысы, код (№ 2-1-1), 1 бірлік, (блок В)

Мемлекеттік орган

Самар ауданының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

Е-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

210082

Жалпы біліктілік талаптары

Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

     Ауылдық округ әкімдері мен ауылдық округ аппараттарының, ауданның дербес бөлімдерінің, аудан әкімі аппаратының құжаттарды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының жүзеге асырылуын бақылау.

    Құжаттарды мемлекеттік тілге аудару және аударма бойынша әдістемелік көмек көрсету. Аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мәтіңдерінің тең түпнұсқалығын тексеру. Қатаң есептегі бланкілердің есепке алынуын жүзеге асыру.Электрондық құжат айналымы жүйесінде іс жүргізу, аталған жұмысты дербес бөлімдерде ұйымдастыру. «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Құпия» белгісі бар құжаттармен іс жүргізу. Бөлім басшысының, аппарат басшысының тапсырмаларын орындайды. Қажеттілікке байланысты басқа да міндеттерді атқарады.

     

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 25.07.2023

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    26.07.2023 – 03.08.2023
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу
    Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

    Сұхбаттасу күні

    08.08.2023

    Сұхбаттасу орны

    Шығыс қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар а., Горохов к. 58, 3 қабат. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

    Анықтама алу үшін байланыс

    8-777-148-50-30