Самар ауылындағы қосалқы станция толық жаңғыртылып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілд

Жарияланған күні: 23 желтоқсан 2025

Самар ауылында биыл инвестициялық бағдарлама аясында электр қосалқы станциясында жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Қосалқы станциядағы жабдықтар толықтай жаңартылып, техникалық жағдайы қазіргі талаптарға сәйкестендірілді.

Көкпекті РЭС Самар желілік учаскесінің, «ОЭСК» АҚ басшысы Алмас Лұқпановтың айтуынша, аталған жұмыстар аудан аумағында электр энергиясын тұрақты әрі үздіксіз жеткізуге мүмкіндік береді. Бұрын қосалқы станцияда жарылыс қаупі жоғары майлы типтегі ажыратқыштар пайдаланылған. Қазіргі таңда олардың орнына қауіпсіздігі жоғары, заманауи вакуумдық ажыратқыштар орнатылды. Десек қалай болады
Сонымен қатар, қосалқы станция толық жабық типке көшіріліп, электрмонтерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайы жасалды.
Айта кету керек, 2026 жылы аудан аумағында электрмен жабдықтау желілерін ішінара жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр.