Жұмба ауылында ескі көпір қайта жаңғыртылды
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов Мариногорка ауылдық округіне, соның ішінде Жұмба ауылына барды.
Еске сала кетсек, қыс мезгілінде тұрғындармен кездесуде маңызды мәселелер көтерілген болатын — мектепке спортзал салу және ескі көпірді қайта жаңғырту.
Қазіргі уақытта осы жобалардың бірі сәтті жүзеге асты. Жұмба ауылында ескі көпірдің реконструкциясы аяқталып, бұл жергілікті тұрғындар үшін маңызды оқиғаға айналды.
Аталған жобаның бастамашысы әрі орындаушысы — ауданға құрметті кәсіпкер, «Дюсупов» шаруа қожалығының басшысы Ержан Дюсупов. Оның бастамасы мен қолдауының арқасында ауыл тұрғындары көптен күткен, жүріп-тұруға ыңғайлы әрі қауіпсіз нысанға қол жеткізді.