Самар ауданында шағын футболдан мерекелік турнир өтті!

Жарияланған күні: 29 тамыз 2025

Самар ауданында шағын футболдан мерекелік турнир өтті! 🎉

Самар ауданында ҚР Конституциясына 30 жыл толуына орай ересектер арасында шағын футболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды.

⚽ Доп додасына әр ауылдық округтен 7 команда қатысты.

Ашылу салтында аудан әкімі Серік Жеңісов жастардың спортпен айналысуына барлық мүмкіндік жасалатынын атап өтті.

Жарыс басынан-ақ тартысты өтті: әр команда үздік ойыншыларын көрсетті, төрешілер әділдікті қадағалады. Арасында жастар да, ересектер де бар.

🏆 Қорытындысы:
* 1 орын — Құлынжон
* 2 орын — БЖСМ
* 3 орын — Атамекен

Жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар алды. 💪

Құрметті спортшылар мен жанкүйерлер, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз! 🌟