Облыс орталығында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Самар ауданының мәдени күні өтті
Облыс орталығында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Самар ауданының мәдени күндері өтті.
27 қыркүйек күні Өскемен қаласының "ШҚО филармониясының" залында Самар ауданының көркем өнерпаздарының «Самарым –Ертістен ескен самалың» атты Гала концерті өтті.
Іс-шараға ШҚО әкімінің орынбасары Е.Нургалиев және Самар ауданы әкімінің м.а Ж.Майкенев қатысты.
Сондай-ақ, ауданымыздың шеберлерінің қолөнер, зергерлік бұйымдар, балалар өнер мектебінің шығарамалары, Ж.Болғанбаев атындағы мектеп лицейінің робот техникалары мен «Samar Fest» cуреттер көрмесі ұйымдастырылды.