Құрметті жерлестер! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!

Жарияланған күні: 02 мамыр 2024

Біздің үлкен және тату еліміз көптеген жылдар бойы бейбітшілік пен келісімде бір шаңырақ астында түрлі ұлт өкілдерінің өмір сүріп келе жатқандығымен мақтана алады.

Кез келген қуатты мемлекеттің іргетасы - халқының бірлігі. Тек бірлікте ғана ел құруға болады! Тек біздің бірлігіміз ғана Қазақстанның және әрқайсымыздың әл-ауқатымызды қалыптастыра алады!

Әрқайсыңызға денсаулық, бақыт, амандық және бастарыңызға бейбіт аспан тілейміз! Ортақ үйіміз гүлденіп, жыл сайын көркейе берсін! Қуаныш пен мақтаныштың себептері көп болсын!