Самар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жаслан Майкенев аудандық аурухананы аралады
Самар ауданының әкімінің міндетін атқарушы Ж.Майкенев және Самар ауданының әкімінің орынбасары К.Сурашев, Самар аудандық ауруханасына барып, емхана бөліміндегі барлық дәрігерлердің кабинеттерін аралап, денсаулық сақтау саласындағы мамандармен қабылдауға келген аудан тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау нысандарындағы жылу жүйесін тексерді.