ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Соңғы екі күнде ауданымызда қар тоқтаусыз жауып, шалғай елді мекендерге, аудан орталығына қалың қар түсті. Дегенмен, аудандағы жол құрылысы мекемелерінің және коммуналдық шаруашылықтың жол тазалау техникалары тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеп, жолдарды қардан тазалауда. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтаусыз жүргізілетін болады. Әрбір елді мекендегі ахуал жіті бақылауда.