Қаржы-шаруашылық бөлімі

  • Мекеменің бухгалтерлік есебін, шаруашылық – қаржылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, мемлекеттік мекеме меншігінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Порталда мемлекеттік сатып алу бойынша хабарландыруларды орналастыруға, бір көзден мемлекеттік сатып алу хаттамасын қалыптастыруға, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстарды өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады;
  • Қаржы жоспарын, типтік Нысандар көзделмеген шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу, сондай-ақ түгендеуді жүргізу тәртібін қамтамасыз ету, шаруашылық операциялардың жүргізілуін, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясының және құжат айналымы тәртібінің сақталуын бақылау жөніндегі жұмысты басқарады;
  • Құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылығы мен дұрыстығын, салықтарды жергілікті бюджетке, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға сақтандыру жарналарын дұрыс есептеу мен аударуды қамтамасыз етеді;
  • Ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігінің, мақсатсыз пайдаланылуының, қаржы заңнамасының бұзылуының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;
  • Бухгалтерлік құжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Штаттық, қаржылық, кассалық тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;
  • Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелеріне жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
  • Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін шығыстардың бөлінген лимиттері шегінде бюджеттік өтінімді жасау және болжауды жүзеге асырады;