Персоналды басқару бөлімі

  • мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
  • мемлекеттік органның кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
  • мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
  • мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;
  • әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптарын сақталуын қадағалау.
  • мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
  • мемлекеттік органның кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы  қамтамасыз ету;
  • конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қызметкерлерінің жеке бас құжаттарының және  қызметтік тізімдеріне дербес деректерiн, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелерi туралы мәлiметтердi уақытылы толтырылуды қамтамасыз  етеді.
  • мемлекеттік органда еңбек заңнамасы  мен  мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын,  сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізу.