«Таза Қазақстан» республикалық акциясы

Жарияланған күні: 17 сәуір 2024

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бастау алған. Соған орай Самар ауылдық округының әкімі Дюсупов Марат Ержанұлы экологиялық шараның әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өткізуін жоспарлап мекеме басшыларына жиналыс өткізді. Республикалық акцияға өз үлестерін қосып, «Таза өлке» апталығы аясында аудан орталығындағы тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шара барысында Абай алаңы саябағында сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатыр.