«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы
Самар ауданының аумағында ағымдағы жылдың 5 және 29 ақпан аралығында жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу, жүргізушілер арасындағы көлік тәртібін арттыру, жол қозғалысы ережелерін сақтауды бақылау және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған республикалық “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Самар ауданының полиция бөлімі жүргізуші немесе жаяу жүргінші болсаңыз да, жол жүру ережелерін сақтауыңыз өте маңызды екендігін еске салады! Жолдарда абай болуға шақырамыз!