15 ақпан Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл толуына орай «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!» атты дөңгелек үстел.

Жарияланған күні: 17 ақпан 2025

Бастаушы ауылдық округі бойынша 15 ақпан Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл толуына орай «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!» атты дөңгелек үстел клуб үйінде әкімшылік қызметкерлері, Абай атындағы орта мектебінің ұстаздары, оқушылары және мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті. Дөңгелек үстелге Ауған соғысының ардагері Көкжота ауылының тумасы Нажинов Ғалым Кәкімұлы қоңаққа шақырылды. Бастаушы ауылдық округ әкімі А.Б Кенесбековтың атынан Ж. Құмарова құттықтау сөз сөйлеп, сыйлық табыстады. Абай атындағы орта мектебінің «Жас сақшы» полиция сыныбы туған жерімен қауышқан майдангер ағамызға сұрақтар қойып жауабын алды, бұл сұрапыл соғысты есіне алу Ғалым ағамызға өте ауыр болды. «Асылым» би тобы би билеп, Н. Болаткан күй шертіп өз өнерлерін көрсетті. Бастаушы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж. Маулханова «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш. Бейбіт өмір болсын деп Ғалым Кәкімұлы ризашылығын білдірді.