«Жас сақшы сыныбы» ашылды
Бүгінгі таңда еліміздің әрбір мектебінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілігін күшейту бағытында жаңа бастамалар қолға алынып жатыр. Осы орайда 24.12.2024 күні «Абай атындағы орта мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасының халық каhарманы Байтасов Ғазиз Абдибековичтің құрметіне «Жас сақшы сыныбы» ашылды. Салтанатты іс-шараға Самар АПБ басшысы Түгелов Н.М, «Самар білім бөлімі» ММ басшысы Закирьянова Р.Қ, ауылымыздың белсенді азаматтары, ІІМ зейнеткерлері қатысты. Оқушыларымыз салтанатты түрде ант қабылдап оларға «Жас сақшы» сыныбының куәлігі табысталды. Жаңа сыныптың лента қию рәсімін Самар аудандық полиция бөлімінің басшысы Нуржан Мамбетұлы мен Мухаметкалым Мухаметжанұлына берілді. Оқушылар халық каhарманы Байтасов Ғазиз Абдибекович пен ауылымыздың азаматтарының рухына тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды. Ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашып, Мухаметкалым Мухаметжанұлы жас сақшыларға батасын беріп, болашаққа бағыт-бағдар жасады. Мектеп директоры Маткаримова Лаура Дюсембаевна құрметті қонақтарды сыныптың ережелері мен міндеттерімен, мектеп тарихымен таныстырып, барша келген қонақтарға алғысын білдіріп, оқушылар мен мұғалімдерді осынау тарихи сәтпен құттықтады. Шара соңы ақ дастарханға ұласты.