«Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы

Мемлекеттік орган

Риддер қаласының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-R-1 (Бөлімінің басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

142461 - 192366

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Жерге орналастыру
  • Ветеринария
  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Қызмет көрсету (білім саласы)
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

ауыл шаруашылығы (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы) және қайта өңдеу өнеркәсібі, мемлекеттік техникалық инспекция, сондай-ақ жер қатынастары мәселелерін үйлестіру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

           ақпараттық-талдау жұмысының, агроөнеркәсіптік кешен мониторингінің, құрылыс және жол техникасының нысандары мен әдістерін меңгеру; өңірде мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатының бағыттары мен тетіктерін іске асыру; жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеу; елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және жаю Ережелерін әзірлейді; жер реформасы бойынша жұмысты ұйымдастырады; жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; жерді аймақтарға бөлуді ұйымдастырады; қала әкімінің қарамағындағы қала және жер аумағында жер ресурстарын басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді; жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша әкімдік шешімдерінің жобалары мен ұсыныстарын дайындайды; жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтайды; меншікке сатып алу-сату және жалға алу шарттарын жасайды; Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, ҚР Мемлекеттік хатшысының, облыс және қала әкімдерінің тапсырмаларының орындалуын үйлестіру және бақылау; шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау; қала әкімінің келісімі бойынша шығындар сметасын, штаттық кестені бекіту; бөлім қызметін бақылауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.05.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.05.2020 – 02.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

04.06.2020

Сұхбаттасу орны

ШҚО, Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72336) 42941, факс (72336)42573